+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Елордада «Бала балуан» республикалық турнирі өтеді

2020 жылғы 7 ақпан 12:14
Бөлісіңіз:
Елордада «Бала балуан» республикалық турнирі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясының президенті - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев федерацияның биылғы жұмыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қазақ күресінің атауын өзгерту мәселесі жиі талқыланып жүр. Осы ретте біз зерттеуші ғалымдар тобына Қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз. Сонымен қатар, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар жарық көреді. Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр. Ол жерде әрбір әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі. Оны барлық бапкерлер мен спортшылар, тіпті шалғай ауылдардағы тұрғындар да көріп, жаттығуға пайдалануға болады. Жыл аяғына дейін барлық өңірлердегі Қазақ күресіне қатысты мәселелер зерттеліп, даму картасы жасалады. Соған сәйкес жұмыс жоспарын толықтырып отырамыз. Біз ұлттық күресті әлемге таныту үшін өз еліміздегі насихатын күшейтуіміз керек. Осы жерде БАҚ өкілдерінің жұмысы біз үшін өте маңызды. Ұлттық күресті қазақстандық медианың басты тақырыбына айналдыру арқылы біз әлемдік биікке жақындаймыз», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр қазақтың төл спортын әлемге танытуда әрбір қазақстандық өз үлесін қосар деген сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол федерация өткізетін биылғы турнир жайлы баян етті. Атап айтқанда, биыл Қазақстанның барлық аймағынан балалар арасында «Бала балуан» республикалық турнирі (Нұр-Сұлтан, «Жекпе-жек» сарайы, 18 сәуір), «Халық Барысы» республикалық турнирі (Алматы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені), 30-31 мамыр аралығында «Қазақстан барысы» республикалық турнирі (Нұр-Сұлтан қ.«Жекпе-жек» сарайы, 4 шілде), ересектер арасында ҚР чемпионаты (Атырау қ. 9-13 қараша), «Еуразия барысы» әлем кубогы (Алматы қ. «Алматы Арена» мұз сарайы, 2 желтоқсан) өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT