Елордада бағанға соғылған BMW көлігі аударылып қалды
2022 жылғы 25 маусым 14:20

Елордада бағанға соғылған BMW көлігі аударылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы ЕК-32 көшесі бойында BMW маркалы көлігінің аударылуының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

«25 маусымда сағат 00:10 кезінде BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесімен қиылыста көше бойындағы бағанға соғылған. Осының салдарынан көлік аударылып түсті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен көлік жолаушысы аурухана жеткізілді», - делінген қалалық полиция департаментінің мәліметінде.

Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін, аталған жолаушы үйіне жеткізілді.

BMW X7 көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елорда көшесінде аударылып жатқан көлікке қатысты видео тараған болатын.


Фото: www.instagram.com/astana_sergek

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT