Елордада азық-түлік дүкендерінде ұрлық жасаған студент қыздар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда университетінде оқитын 18 және 19 жастағы екі бойжеткен шағынмаркеттерде ұрлық жасап жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында бойжеткендердің бірі сатушының назарын өзіне аударып тұрғанда, екіншісі ұрлық жасағаны анықталды. Бұл әрекеттерін кезектесіп жасап отырған. Дүкендерден ұрлаған тауарлар – азық-түлік, сусындар, гигиена құралдарын жолдорбаға салып шығарған. Осылайша, олар екі дүкеннен жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық ақшаға тауар шығарған.

Ұсталған бойжеткендер ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бұған дейін осыған ұқсас жасалған қылмыстарға қатысы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сауда қызметкрелеріне қырағы болып, күмән келтіретін тұлғаларға назар аударуын, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауын кеңес етеді.


Соңғы жаңалықтар