Елордада азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы кәсіпкерлік нысандарындағы заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай кезінде кейбір кәсіпорындар тарапынан ереже бұзу жағдайларын анықтаудамыз. Қалада күн сайын қызметіне рұқсат етілген нысандардың санитарлық нормаларды орындауына қатысты полицейлер волонтерлермен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, рейдтер жүргізуде», - деді Б. Мәкен.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті мерзімде санитарлық нормалардың сақталмауына орай 15 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

«Әкімдіктің мобильді топтары тұрақты түрде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының негізсіз өсуі мен санитарлық нормаларды орындамау фактілерін анықтауға қатысты рейдтер жүргізеді. Бағаны негізсіз өсірген бірқатар кәсіпкер жазаланды. Супермаркеттердің басшылары әкімшілік жазаға тартылды, айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды», - деді Б. Мәкен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 сәуірден бастап өнеркәсіптік әрі индустриалдық кәсіпорындардың жұмысы жанданды.

Аталған секторда 20 мыңнан астам адам жұмысқа кірісті. Сонымен қатар, құрылыс саласында 40 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырды.

Соңғы жаңалықтар