Елордада Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығы тойланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «РитцКарлтон» қонақ үйінде Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдық мерейтойына орай аталған елдің Елшілігі ұйымдастырған қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзербайжан Республикасы Президентінің өкімімен 2018 жыл Әзербайжан Демократиялық Республикасының жылы болып жарияланды. Бұл мереке мемлекеттік деңгейде жыл бойы аталып өтіледі.

Әзербайжан Демократиялық Республикасының 1918 жылы құрылуы халқымыз үшін тарихи оқиға саналады. Мемлекеттіліктің көне дәстүріне ие әзербайжан халқы тарихтың ырқымен белгілі бір кезеңде ірі империяның құрамында мәжбүрлі түрде болды», - деді ресми қабылдауда сөз сөйлеген Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамадов.

Елші 1918 жылдың  мамырында Әзербайжанның тәуелсіздік декларациясының қабылданғанын еске салды.

«Қайтадан құрылған ӘДР өзіне алған тарихи жауапкершілікті адал жүзеге асырды. Бірінші парламент пен үкімет құрылып, шекарані белгіледі, елдің туы мен елтаңбасы жасалды және әзербайжан тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды», - деді ол.

Сонымен қатар, Рашад Мамадов Қазақстанмен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Бакуге  сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін бергенін баса айтты.

Қазақстан тарапынан сөз сөйлеген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бүгінде Әзербайжан экономиканың барлық бағытында зор жетістікке ие болып, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізгеніне айрықша назар аударды.

«2017 жылы Қазақстан менӘзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағандығының 25 жылдығы аталып өтілді. Осы жылдар ішінде елдеріміз тарихи ортақтастық пен ғасырларға жалғасатын байланыстарды сақтап қана қоймай, тең құқылық пен өзара тиімді ынтымақтастық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, байланыстарын жаңадан құруды үйренді. Мұндай ынтымақтастықтың негізі Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Әлиев қалаған сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейі саналады», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар