Елордада «Азбука жилья» басшысының мүлкі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Ерқанат Тайжановтың мүлігі тәркіленді. Бұл туралы қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Е. Тайжановқа қатысты қылмыстық істі зерттеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік анықталды, яғни 5 жер телімі мен LEXUS LX570 автокөлігі бегілі болды. Тайжановтың халықаралық іздеуде жүргеніне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы Алматы ауданының №2 сотына заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу туралы өтінімхат енгізді», - делінген таратылған мәліметте.
Осы орайда аудандық сот қаулысымен өтінімхат толықтай қанағаттандырылып, Тайжановтың мүлігі мемлекет пайдасына берілді.
«Қазіргі кезде сот актісі заңды күшіне еніп, оның орындалуына бағытталды. Қала прокуратурасы қылмыстық табыстар мен жымқырылған активтерді тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда», - делінген хабарламада.
- Атырауда жеке үйден үш адамның денесі табылды
- Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті
- Елордадағы бірқатар тұрғын үй кешенінде ауыз су уақытша тоқтатылады
- МӘМС: Медсақтандыру қорына елордалықтар 28 млрд теңге жарна салды
-
Теміртау мен Осакаров кенті аралығындағы жол жабылды
-
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам