+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Елордада азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды

2019 жылғы 19 тамыз 13:23
Бөлісіңіз:
Елордада азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс»  Алматыда «Тракторды» тізе бүктірді Сапасыз техникаға шағымдар көбейді - Ұлттық тұтынушылар лигасы Бокстан ӘЧ: Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты

Aizhurek.kz сайты (beta нұсқасы-meyir.im) тиімді альтруизм құралы ретінде (немесе әлеуметтік игілік пен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар мен еріктілер топтарының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық ресурсы) бейімделген. Жобаның авторы - Global Shapers Community жас көшбасшылар қоғамы.

«Мұның бәрі біздің жобаларымызға қайырымдылық ұйымдарының байланыстарын қажет еткенімізден басталды. Қоғамдық қорлар, қайырымдылық ұйымдар, экология және жануарларга сәтті көмек көрсететін бастамашыл топтар туралы деректер таба алмаған соң, өзіміз біріктірдік. Оған қоса, көптеген адамдар киім-кешек пен техниканы қалай және кімге беруге болатыны турлы сауал жолдады әрі қарттар мен қиын өмірлік жағдайға түскен ересектерге көмектесуге дайын адамдар көбейіп келеді», - дейді жобаның авторы және Global Shaper мүшесі, Айман Едігеева.

Осылайша, адамдар сенімді ұйымдар арқылы көмек көрсете алатын Aizhurek.kz веб-сайты пайда болды.

Бүгінгі күні 175 ұйымнан тұратын анықтама негізгі нысаналы санаттарға бөлінген: балаларға, ересектерге, қарттар мен жануарларға көмек. Тізімге сирек немесе мүмкіндіктерді шектейтін диагноз қойылған адамдарға арналған мамандандырылған ұйымдар, аула клубтары, қайырымдылық дүкендері, хоспистер, еріктілер ұйымдары және тағы басқа көптеген көмек беретін ұйымдар кіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT