Елордада Айнұр Бермұхамбетова «Ай-нұр әлемі» атты концерт-спектаклін көрерменге ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы, дубляж шебері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының орта буын актрисасы Айнұр Бермұхамбетованың «Ай-нұр әлемі» атты концерт-спектаклін көрерменіне ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеш барысында Айнұр Болатқызы екі сағат бойы жанды дауыспен әртүрлі жанрда небір күрделі әндерді шырқады. Шағын монологтар мен поэзия оқыды, рөлдерден үзінділер орындады. Қазақ өнеріне өмірін арнаған тарландардың экранда бейнелерін шығарып, әнмен тағзым етті.

«Ай-Нұр әлемі» дүлдүлі актрисаны, бұлбұл әншіні, ғажап көркем сөз шеберін, дубляждың майталман маманын, ұлағатты ұстазды өнер сүйер қауыммен қауыштырды. Өнерлі отбасы Өтеуілов Нұркен мен Айнұр өнер әлемінде бір-біріне сүйеу болып екі ұл тәрбиелеп отыр. Анасының кешінде кіші ұлы Ақарыс Әшімхан гитарамен ән салып көрермендер ықыласына бөленді. Группаластар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Қ.Қыстықбаев, С.Камиев, А.Иманбаева, Н.Өтеуілов, А.Бермұхамбетовалар шырқаған «Қыз Жібек» операсынан ариялары мен әзілдер де қошеметке ие болды. Кәукен Кенжетаев, Есім Сегізбаев, Амангелді Сембин, Мұрат Әбзелбаев сынды ұлы ұстаздардың талантты шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде өнер үшін қызмет етіп жүр.

Кеш соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың алғыс хаты оқылды.

«Өнер жолында эпостық кейіпкерлерді де замандастар бейнесін де, ана образдарын да сәтті сомдап, театр тарихына Бермұхамбетова қолтаңбасындағы «Қыз-Жібек», «Әйгерім», «Теңге», «Әлиман», «Зарипа» сынды шоқтығы биік кейіпкерлерді сыйладыңыз. Өнеріңіз өмірлік ұстанымыңызға айналып, өлшеусіз еңбегіңіз Мемлекет тарапынан бағаланып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иелендіңіз. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының мәдениеті мен өнерінің қалыптасуына сүбелі үлес қосып, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көрерменін өнер нәрімен сусындатып келесіз», – делінген құттықтаухатта.


Сол сияқты кештің басты қолдаушысы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Сыдықовтың атынан да арнайы алғыс хат ұсынылды.

«Елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасындағы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегіндегі» - Жібек, М.Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Қарлығаш, «Абайында» - Әйгерім, «Айман – Шолпанда» - Теңге, Қ.Байсейітовпен Қ.Шаңғытбаев «Беу қыздар-айындағы» - Айсұлу,В.Дельмардың «Баянсыз бағындағы» - Рода, Ш.Айтматовтың «Ана–Жер Анасындағы» - Әлиман, «Ғасырдан да ұзақ күніндегі» - Зарипа, Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен теріндегі» - Ақбала, И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағындағы» - Розалинда, А.Цагарелидің «Гамарджобасындағы» - Ханума, Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласында» - Жанн; Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арктағы» - Жанна сынды бейнелеріңіз халық жүрегінен ерекше орын ала білді.

Сіздің шығармашылығыңызға толағай табыстар мен үлкен жетістіктер, тілейміз!», - делінген хабарламада.


Арнайы құттықтаулардан кейін, театр директоры – Өнертану ғылымдарының PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров сөз сөйледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Мәдениет басқармасының қолдауымен бүгінгі «Ай-Нұр әлемі» деген қойылым өтті. Елордамызда үлкен қарашаңырақ Қаллеки театрының ұжымы жүз пайыз Сіздердің алдарыңызда тірідей, жанды дауыста өнер көрсетті. Табиғи түрде керемет қойылым жасады. Бұл кеш біздің театрдың потенциалын көрсететін қойылым болды», - деді Асхат Маемиров.


Соңғы жаңалықтар