Елордада айналма жол Байырқұм көшесін қар басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада айналма жол Байырқұм көшесінде жүретін №64 автобустың бағдары уақытша өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

«№64 бағдар ауа райына байланысты Байырқұм көшесіне уақытша бармайды, қоғамдық көлік «Көліктегі технология оқу орталығы» мен «Электровоз-құрастыру зауыты» аялдамаларына соқпай өтеді. Көшені қар басып қалған. Автобус бағытын «А187» көшесімен айналып өтеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар