Елордада аймақтық IT байқауы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 мамырда Қаржы техникалық хабы мен АХҚО бюросында Қазақстандағы «Technovation challenge-2019» халықаралық IT-жарысының аймақтық кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Елордаға әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған дербес дамыған мобильді қосымшаларын таныстыру (медицина, білім, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік және бейбітшілік) үшін еліміздің бар аймағынан 300-ге жуық оқушы келеді.

«Technovation challenge Kazakhstan» бас серіктесі және демеушісі «Zhanartu» қайырымдылық қоры. «Technovation Kazakhstan 2019» өңірлік байқауының негізгі серіктестері Kaspersky Lab, «Финтех Хаб МФЦА» және АХҚО бюросы болды.

Биылғы «Technation Kazakhstan» байқауына 60 команда қатысады, олар өздерінің мобильді қосымшаларын ұсынатын болады.

Айта кетерлігі, Technovation-тің 3 жылында қазақстандық бір команда Силикон алқабындағы барлық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алса, тағы үш команда әлемдегі үздік 6 команда қатарына кірді.

Соңғы жаңалықтар