Елордада аймақтардың ауыл-шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 20 қыркүйектен бастап, демалыс күндері ел аймақтарының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлады strategy2050.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

20-21 қыркүйек күндері елордаға Алматы облысының ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілер келеді. Мұнда жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері қаладағы базарларда қалыптасқан бағадан әлдеқайда арзанға сатылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Алматы облысының өкілдері 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын. Олар тамақ өнімдерінің 24 түрін, атап айтқанда 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тоннадан астам алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан астам ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген болатын.

Соңғы жаңалықтар