Елордада әйгілі Юрий Никулиннің циркі алғаш рет өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-23 ақпанда Астанада алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулиннің циркінің гастрольдері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қойылымның ұйымдастырушылары хабарлады.

Цирк думаны бағдарламасына Цветной бульвардағы ескі цирктің атақты әртістері енген. Қойылым барысында көрермендер назарына виртуоз гимнасшылар, даршылардың ғарыштық әуе думаны, «Коррида» бұқалармен сайыс, жонглер, 21 ғасырдың Гераклы - Александр Великолепный, батыл гимнасшы Яна Әлиева (11 метр биіктікте сақтандырусыз орындау), Ресейдің еңбек сіңірген әртістері Наталья және Игорь Богачевтердің жетекшілігімен аюлар аттракционы, сонымен қатар, әуе гимнасшылары, акробат-эксцентриктер,үйретілген иттер мен т.б. ұсынылады. Сонымен қатар, манежде көпшілік сүйетін сайқымазақ Димочка Шиндров өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бағдарламаға Париж, Монте-Карло, Будапешт, Лиссабон, Мадрид, Женева, Амстердам қалаларында өткен халықаралық фестивальдердің лауреаттары мен жүлдегерлері қатысады. Өйткені, цирк бағдарламасы ресейлік цирктің таңдаулы азаматтарының - ең үздік атақты, дарынды әртістердің шоғыры.

Еске салайық, Цветной бульвардағы ескі Мәскеу циркі - Ресейдің ең ескі цирктерінің бірі. Жүзден астам жыл бұрын, 1880 жылы Цветной бульвардағы бұл ғимаратты көпес Даниловтың кеңсесі Альберт Саламонскийдің циркіне арнап салған. 1982-1997 жылдары Цветной бульвардағы Мәскеу циркінің бас директоры және көркемдік жетекшісі КСРО халық әртісі, РКСФР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Юрий Владимирович Никулин болған.

Соңғы жаңалықтар