+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада әйгілі корей суретшісінің көрмесі ашылды

2021 жылғы 12 шілде 17:24
Бөлісіңіз:
Елордада әйгілі корей суретшісінің көрмесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 шілдеден бері Елбасы музейінде корей суретшісі Ли Инамның цифрлық өнер туындыларының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Опера әншісі Мария Мудряк елордада концерт береді Оңтүстік Кавказ құбыры құрылысы кезінде 23 мың археологиялық олжа табылған Елордада «Рухы мықты асыл ер» сайысы мәресіне жетті

Шараны Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы мен Елбасы Кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірге ұйымдастырып отыр.

Көрме аясында әлемге әйгілі корей суретшісі Пэк Намджунның мұрагері деп саналатын әйгілі корей медиа өнерінің шебері Ли Инамның жұмыстары ұсынылған. Автор бұл туындылары арқылы Шығыс Азия классикалық кескіндемесінің әйгілі картиналарын негізге ала отырып, Шығыс және Батыс өнерінің үйлесімін көрсеткен.

Көрме Елбасы музейінің көпфункционалды көрме залында өтіп жатыр, төрт жағынан үлкен мультимедиялық LED-экрандармен жабдықталған.

Автор цифрлық өнердің көмегімен Шығыс Азия мен Батыстың Кемджэ Чонгсон, Ким Хондо, Жорж-Пьер Сера, Винсент Ван Гог сияқты қылқалам шеберлерінің картиналарын біріктіру арқылы жаңа мазмұн ашқан, сондай-ақ тың стильдегі туынды арқылы Қазақстан мен Корея ынтымағының келешегін дәріптейді. 50 минуттық туынды классика мен заманауи кескіндемені бір мультимедиялық контентке тоғыстырған.

«Мен пандемияға байланысты ашылу рәсіміне қатыса алмағаныма өте өкінемін. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстанда корей классикалық кескіндемесінің танымал картиналары насихатталып жатқаны қуантады. Осы көрмеге арнап өз туындыларымды «Жарықтың жандануы» тақырыбында дайындадым. Сол арқылы Корея мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастардың тарихи сипатына жарық түсіргім келді», - деді көрменің ашылуында тікелей байланыс арқылы сөз алған Ли Инам.

Корей мәдени орталығы бұл шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алып отыр.

«Біздің мәдени орталық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақстандықтарға корей медиа өнерінің туындыларын ұсынғанына қуаныштымын. Суретші еңбектерінің арқасында Корея туралы көбірек біліп, орталықтың алдағы іс-шараларына да жұрттың қызығушылығы оянады деп үміттенемін», - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Көрменің 12 қыркүекке дейін жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT