2022 жылғы 26 маусым 17:41
Елордада әйгілі кәріс суретшісінің көрмесі өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 маусым Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған «the ETERNAL» атты кәріс кескіндеме шебері Пак Дэ Сонгтың «Созан» атты сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрме Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында, сондай-ақ 2022-2023 екі ел арасындағы мәдени алмасу жылына орай қазақстандықтарға түрлі корей мәдениетінің сұлулығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Танымал суретші Пак Дэ Сонг 1979 жылы Чунганг көркемсурет көрмесінде «Санрим» картинасы үшін бас жүлдені жеңіп алып, өнер үйірмелерінің назарын аударған.
Сондай-ақ... оқыңыз