Елордада әйел мен ер адамның терезеден құлау фактісі бойынша іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйдің терезесінен ер адамның құлауы және оның артынан әйелдің секіріп кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полицияға бүгін, сағат 18.45-те Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адам құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер шықты. Ер адамнан кейін 40 минут өткен соң дәл сол терезеден әйел секіріп кетті. Ол Төтенше жағдайлар қызметі дайындаған ауа жастықшасына түсті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі амалдар басталды», - деді Полиция департаментінен.

Бүгін сағат 19.22-де Қабанбай батыр, 40 мекенжайы бойынша («Инфинити» тұрғын үй кешені) 8-қабаттағы аталмыш пәтерден әйел адам секіріп кеткен болатын.







Соңғы жаңалықтар