+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елордада әйел құдыққа құлап кетті

2021 жылғы 13 қаңтар 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада әйел құдыққа құлап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Жеке құрамнан 9 адам және 2 техника оқиға болған жерге келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті.

«Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң ол 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT