Jańalyqtar
Елордада аяз: Бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
2021 жылғы 25 ақпан 06:58
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - деді қалалық Білім басқармасынан.
Осы уақытта Нұр-Сұлтанда аздаған қар жауып, термометр бағаны -25 градусты көрсетіп тұр. Сезілу -36 градус.
Еске салайық, ауа райына байланысты Атырау облысында да кезекші сыныптар онлайн оқу форматына көшірілді.
Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қызылордада екі күн бұрын жоғалған қыз табылды
- Бір тәулікте 1,2 мың адам коронавирустан жазылды
- Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді
- Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
-
Елордада күн сайын 30 мың текше метрге жуық су сорылады
-
Елордада 2 мыңға жуық білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER