+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада аялдама және көлік әйнегін сындырған қыз ұсталды

2021 жылғы 16 қазан 13:03
Бөлісіңіз:
Елордада аялдама және көлік әйнегін сындырған қыз ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қоғамдық көлік аялдамасы әйнегін сындырған қыз ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат 22:11-де Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Бөгентай батыр даңғылы бойында белгісіз адамның аялдаманың және оған таяу маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жүргені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Күдік қыздың қолында кірпішпен алдымен аялама әйнегін, одан кейін «Toyota Corolla» және «Nissan» маркалы көліктердің артқы терезелерін сындырғаны анықталды», - делінген департамент мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған факт бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны, сонымен қатар өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын сомасы анықталып жатыр», - деді «Байқоңыр» аудандық ПБ бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT