+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Елордада автотұрақ орны жеткілікті – Сәулет басқармасы

2020 жылғы 21 қаңтар 16:42
Бөлісіңіз:
Елордада автотұрақ орны жеткілікті – Сәулет басқармасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранқаев елордадағы автотұрақ орнының жетіспеушілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 21 жастағы мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты болды Жабық автотұраққа газбен жүретін көлік қойғандар 12 мың теңге айыппұл төлейді Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

«Эскиздік жобаларды бекіткенде олардың әрқайсысындағы тұрақ орны нормаларға сәйкес бекітіледі. Мәселен, 300 адам өмір сүрсе, соған сәйкес автотұрақ орны беріледі. Сонымен бірге, баспананың санаты да ескеріледі», - деді Н. Ұранқаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, тұрғындарға көліктерін көшеге қойған тиімді, алайда бұл автотұрақ орны жетпейді деген сөз емес.

«Мен үй салушылармен жиі сөйлесемін. Олар да көлік тұрағы орындарын өз құнынан анағұрлым арзанға сататындарын айтады. Бірақ, соған қарамастан, тұрғындар тұрақтан орын сатып алуға асықпайды. Оларға көлікті жол жиегіне қою тиімді болып отыр. Шын мәнінде көлік қоятын орын жеткілікті», - деді Н. Ұранқаев.

Бұған дейін Нұрлан Ұранқаев құрылысы тоқтап тұрған Астана LRT жобасы туралы түсінік берген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT