+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды

2021 жылғы 19 қазан 14:51
Бөлісіңіз:
Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көлік ұрлау қарсы әрекет ету мақсатымен «Автомобиль» жедел-алдын алу шарасы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Ұлттық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті Нұр-Сұлтанда қанша көппәтерлі тұрғын үй кешені МИБ-ке өтуге жатады Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген

Шара барысында астана полицейлері 2021 жылы шығарылған «Lexus LX 450D» автокөлігін анықтады. Аталған көлік осы жылдың наурызында айдап әкетіліп, Ресейдің Астрахан облысының аумағында іздеу жарияланған. Қазіргі кезде көлік коммуналдық тұраққа қойылды, соталды тергеу жүріп жатыр.

Жедел-алдын алу шарасы барысында автокөлік ұрлағаны үшін жеті азамат қылмыстық жауапқа тартылып, алты күдікті қамауға алынды, ұрланған 28 автокөлік анықталды. Автокөлікті айдап кетудің жеті фактісі анықталған, олардың алтауы бұдан бұрын жасалған.

Бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері 250-ден астам гараж кооперативін, жеке меншік автошеберхананы, техникалық қызмет көрсету станциясын, автотұрақты, 300-ден астам автокөлікті бөлшектеу мен оларды сату пунктін тексеріп шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT