Елордада автобустар кешкі сағат 21:00-ге дейін жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат - 12 мамырдан бастап елордада қоғамдық көліктің жұмысы жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «City Transportation Systems» көлік компаниясына сілтеме жасап.

«Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бірінші кезеңде желіге қалалық бағдарлар шықса, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен автобус парктерімен жұмыс алгоритмі жасалғанын хабарлаған болатын.

Айта кетерлігі қалада қоғамдық көлік 30 наурызда тоқтатылған еді. Алайда оқшаулану кезінде арнайы автобустар елорданың 57 ұйымының 6 мыңнан астам қызметкерін тегін тасымалдады.


Соңғы жаңалықтар