Елордада автобуста болған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада автобуста орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видеодан ұрлық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушы артқы есіктен кіріп, орындықтардың арасына қағаз пакетін қойған. Біраз уақыттан кейін күдікті автобусқа кіріп, пакетті байқаған.

Жолаушының назары басқа нәрседе болғанын пайдаланып, ол пакетті ұрлап, автобустан шығып кеткен.

Ұрланған заттардың арасында - 7 мың теңге көлемінде ақша, пәтердің кілті мен құлаққап кейсі бар.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 31 жастағы күдікті ұсталды, ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар