Елордада автобус жүргізушілері бір күнде 160 мәрте тәртіп бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ІІД-не сілтеме жасап. 

«Шараның бір күндік қорытындысы бойынша, жол-полиция қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің 160-тан астам құқық бұзу фактілерін анықтады», -делінген ІДД хабарламасында.

Оның ішінде шығарындылары ластаушы заттардың нормативінен асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану бойынша 16 факті, жүргізушілердің автобус жүргізу сәтінде телефонмен сөйлесуі бойынша - 14 оқиға, 12 оқиға - маневр ережелерін бұзу, шамамен 10 факті -  техникалық тексерістен өтпеген автобусты пайдалану, жолаушыларды, багаж немесе жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы бойынша 5 факті анықталды.

Еске салсақ, күні кеше Астана қоғамдық көліктердің қозғалысына жауапты «Astana LRT» компаниясы әлеуметтік желілерде таралған автобус жүргізушілерінің ереуілге шығып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Одан бөлек, жолақы төлемеген 5 мыңдай жолаушыға айыппұл салынған. Нақты айтқанда, қоғамдық көлікте төлем жүргізгісі келмеген 4 878 жолаушы анықталды. Енді олар жалпы сомасы 23,5 млн теңгенің айыппұлын төлейді.

 

Соңғы жаңалықтар