Елордада автобус жолақысын Transcard мобильді қосымшасымен төлеуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Android және iOS платформаларында Transcard мобильді қосымшасы жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

Қосымшаға жаңа функциялар қосылды:

- QR-код арқылы жол ақысын төлеу

- Электрондық билет

«Негізгі» ретінде тіркелген көлік картасы үшін мынадай функциялар қолжетімді:

- теңгерімді тексеру және толтыру;

- соңғы 10 күн бойынша жасалған сапарлар туралы ақпарат алу;

- картаны бұғаттау және жою;

- теңгерім аудару функциясы жақын арада қолжетімді болады.

«Қосымша» карта үшін:

- теңгерімді тексеру

- көлік картасын толтыру.

Сондай-ақ, тіркелу әлдеқайда жеңілдеді. Енді тек аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, ЖСН көрсету қажет.

Толық тіркелу үшін жеке куәліктің және көлік картасының фотосуреттерін бекіту керек.

Деректердің сәйкестігін тексергеннен кейін модератор аккаунтты белсендіреді.

Transcard мобильді қосымшасын Play Market пен App Store арқылы жүктеуге болады.


Соңғы жаңалықтар