Елордада ауыр патологияға шалдыққан жас ана құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың медицина мамандары сирек кездесетін диагнозы бар жас ананы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жағдайдың ерекшелігі - аяғы ауыр әйелге күрделі кардиохирургиялық отаның жасалғаны. Біздің дәрігерлердің жедел әрі жинақы іс-әрекетінің арқасында екі адам - ана мен бала аман қалды», - дейді №1 перинаталдық орталықта өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.null

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында №2 қалалық көпсалалы аурухананың акушер-блогына жедел түрде жүректің созылмалы қолқаның жеткіліксіздігі және артериалдық қысымның өткірлігімен аяғы ауыр әйел түскен. Осыдан кейін жедел түрде зерттеу жұмысы жүргізіліп, әйелді барлық салалық мамандар тексерген. Ақыры, әлгі әйелге қолқаның жоғарғы бөлігінің өткір қабатталған аневризмі диагнозы қойылған.null

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, аурухана басшылығы құрамына енген консилиумның шешімімен жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылданды. Отаны бір уақытта екі бригада - кардиохирургтер мен акушер-гинекологтар жүргізді. Кардиохирургиялық ота жағдайында кезең-кезеңмен шұғыл түрде босандыру жүргізілді - салмағы 3,1 келілік сәби өмір есігін ашты. Екінші кезеңде кардиохирургтер бригадасы іске кірісіп, өзінің ота жұмысындағы қызметін атқарды. 13 тәулік бойы біздің пациент жан сақтау бөлімінде жатты. Осыдан кейін ол бөлімге ауыстырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Денсаулығы жақсарып келеді. Өзін жақсы сезінеді», - дейді Әлия Рүстемова.

nullЕске сала кетсек, осы жылдың маусым-шілде айларында елордадағы №1 перинаталдық орталықта үш әйел көз жұмған еді.

Арада көп өтпей 4 қыркүйекте аталмыш перзентханада тағы бір ана көз жұмып, осы себепті 4 ана өлімі болған перзентхананың бас дәрігері қызметінен босатылған болатын.

 

  nullnull   

Соңғы жаңалықтар