Елордада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18-25 сәуір күндері Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайында ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына лицензия беретін Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия біріншілігінде құрлықтағы 45 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынайды. Қазіргі таңда 13 мемлекеттен 139 спортшы өтінім беріп үлгерді.

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласына Азия аймақтық ауыр атлетика федерациясының өкілдері Дэвид Голдстор, Сирилак Татман және Афиния Даттуяват арнайы сапармен келіп, құрлық додасы өтетін кешеннің дайындығын қадағалады.

Халықаралық федерация мамандары қаланың спорттық инфрақұрылымына жоғары баға беріп, ірі спорт жарысын өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар