Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің күзгі маусымы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ел өңірлерінің жәрмеңкелері «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда өтеді. Сатушылар үшін үлкен шатырлар тігілген, әрбір өнім түрі жеке бөлімде орналасады. Бұдан бөлек, ет, сүт сияқты тез бұзылатын өнімдерге тоңазытқыш және мұздатқыш қондырғылары ұсынылады. Ал келушілер азық-түлік арбаларын пайдалана алады.

«Өнімдер өндірушілерден тікелей алынғандықтан, бағалар әдеттегідей, нарықтық бағадан төмен болады. Кестеге сәйкес маусымның соңына дейін ел өңірлері алуан түрлі өнім ұсынып, сол арқылы қаланы қажетті азық-түлік өнімдерімен қанықтырады және өз облысының мәдени дәстүрлерін көрсетеді. Дәстүр бойынша жәрмеңкелер маусымын еліміздің оңтүстік өңірі - Түркістан облысы ашады», - деді әкімдіктен.

31 тамыз күні Түркістан облысы 250 тоннадан астам азық-түлік әкелетіні жоспарланған.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы 27 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар