Елордада аула клубтарының «Таланттар шеруі» фестивалі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Жастар сарайында» «Таланттар шеруі» аула клубтарының фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың Қоғамдық даму істері басқармасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Астана жастары» аула клубтарында спорт, шығармашылық, интеллектуалды даму сынды әртүрлі бағыттар бойынша 21 аула клубына 2 500 жасөспірім мен 7 жас пен 16 жас аралығында балалар барады.

Фестиваль бағдарламасында «Достық эстафетасы» спорт сайысы өтеді. Сайысқа 16 топ, әрқайсысында 8 қатысушыдан, жалпы саны 128 адам қатысады. Топтар Гран-при және жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

«Жастар сарайының» 2-қабатындағы фойеде «Радужное детство» балалар суреттерінің көрмесі және авиамодельдеу көрмесі бар. Сонымен қатар фойеде шахматтан турнир өтеді, оған 60-тан аса тәрбиеленуші қатысады. Көрмеде аула клубтарының 70-тен аса тәрбиеленушісінің жұмыстары бар.

Аула клубтарының қорытынды кеші Үлкен киноконцерт залында өтеді, оған 220-дан аса тәрбиеленуші қатысады. Концерт «Достық альманағы» әдеби спектаклінен басталады. Кеш барысында республикалық және халықаралық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, олардың жаттықтырушылары мен ұстаздарын марапаттау рәсімі болады.

Одан бөлек, 21 желтоқсан күні 10.00-де қалалық Оқушылар сарайында аула клубтарының 400 қатысушысына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылады. Фойедегі жаңа жылдық шыршаның жанында сахналандырылған қойылым және сарайдың театр залында «Қар ханшайым» ертегісінің көрсетілімі болады.

Соңғы жаңалықтар