+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

2020 жылғы 2 шілде 14:23
Бөлісіңіз:
Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада 150-ге жуық аула абаттандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды Шымкентте Бадам өзеніндегі көпір пайдалануға берілді Коронавирус тұрғын үй құрылысын тежеген жоқ – астананың бас сәулетшісі

Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, ішкі орамдық жолдарды жөндеу мен жарықтандыру жұмыстарына айрықша мән берілуде. Қазір қала аумағында 1560 аула бар. Олардың шамамен 70 пайызы абаттандырылған. Бұл жұмыстар қаланың барлық аудандары бойынша қарқынды жүруде. Биыл 150 аула мен 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Атап айтқанда, Сарыарқа ауданында – 40, Алматы ауданында – 33, Байқоңыр ауданында – 70, Есіл ауданында – 20 аула абаттандырылып, тұрғындар игілігіне беріледі. Бұл ретте аула аумақтарын, ойын алаңдарын жасау азаматтардың пікірлерін ескере отырып жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Ол үшін биыл барлық бағыттарда «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Яғни, қай ауланы абаттандыру керек және балалар алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өздері шешеді. Айталық, Сарыарқа ауданында жөндеу жоспарланған 40 ауланың 13-і «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша жүзеге асуда. Есіл ауданында да биыл 20 жаңа аула салынады. Сондай-ақ 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылуда. «Аула аумақтарын абаттандыруда барлық заманауи стандарттар ескерілген. Қолданылатын материалдар сертификатталған. Спорт алаңдарында қауіпсіз резеңке төсемдер, жаттығу кешендері орнатылды. Сондай-ақ аумағы бойынша сәйкес келетін аулалардың барлығына футбол, волейбол және баскетбол алаңдары салынуда. Ал шағын сәулеттік нысандарды орнатқан кезде жарақат алу жағдайын болдырмас үшін жеке қауіпсіздік аймағы ескеріледі», – дейді мамандар. Ал Байқоңыр ауданында 20 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды. «Аудан бойынша биыл 70 ауланы қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар тұрғын алаптары да абаттандырылуда», – дейді Байқоңыр ауданының абаттандыру бөлімінің бастығы Нұрбол Айтбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT