Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 28 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Елордада аукцион блокчейн платформасы арқылы жүргізілмек

2018 жылғы 17 сәуір 08:13 905
Бөлісіңіз:
Елордада аукцион блокчейн платформасы арқылы жүргізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдан бастап Астанада бизнес үшін берілетін жер телімдеріне жүргізілетін аукцион электронды форматқа көшіріліп, онлайн жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап. 

«Астана» ӘКК»ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, аукционды блокчейн арқылы жүргізу конкурсқа адамның қатысуын болдырмайды.

Астанада сауда орындарына конкурстар келесі түрде өткізіледі: ақпарат Смарт Астана, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана әкімдігі мен «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сайтында жарияланып, екі апта бойы сайтта тұрады.

«Оған кез келген адам тіркеліп, өзін қызықтырған белгілі бір участкеге өтінім бере алады. Ал егер белгілі бір участкеге сұраныс көп түссе, мысалы төрт немесе одан көп кәсіпкер бір жерге өтінім беретін болса, біз онда аукцион өткізетін боламыз», - деді Н.Жақыпов.

Оның айтуынша, бұрын аукцион адамдардың қатысуымен және бағаны көтеру әдісімен өткізіліп келген.  Яғни, кім жоғары баға ұсынса сол жеңіске жететін.

«Енді қалай өткізілетін болады дегенге келетін болсақ, оның барлығы адами факторды болдырмас үшін электронды форматқа ауысады. Біз онда белгілі бір жерге 4-тен көп өтінім түскенін көрсек, еВау халықаралық аукционы сияқты блокчейн платформасы арқылы онлайн өткізетін боламыз», - деді ол.

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат