Елордада әуесқой театрлардың халықаралық фестивалі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әуесқой театрлардың «Сәтті билет» атты ІІ халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының «Современник» халықтық жастар театрының ұйымдастыруымен, елорда әкімдігінің мен Ресейлік ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен өтіп жатқан сахна додасына ресейден де үміткерлер келіпті.

«Жыл сайын астанамызда кәсіби театрлар бас қосып жатады. Ондай шараларға біз сияқты әуесқой сахна өкілдері қатыса алмайды. Сондықтан, әуесқой театрлардың басын биыл екінші рет Нұр-Сұлтан қаласында қосып отырмыз. Былтыр да халықаралық деңгейде өткізген болатынбыз. Биыл үміткерлер саны былтырғыдан көп. Алғашқы жылы 3 ұжым ғана бақ сынаса, биыл 5 театр қатысқалы отыр. Оның екеуі Ресейдің Түмен және Қорған қалаларынан келсе, Нұр-Сұлтан қаласының атынан екі ұжым шығады. Сондай-ақ, Рудный қаласының бір театры бар. Негізі фестивальға қатысушылардың жасына шектеу жоқ. Түменнен келген әуесқой балалар театрында бес жасар бүлдіршін де бар. Ал біздің арамызда 30-дан асқан өнерпаз жүр. Бар-жоғы бес ұжым қатысып жатса да, «бас жүлде» мен үш жүлделі орын тағайындалған. «Үздік әйел рөлі» және «Үздік ер адам рөлі» деген аталымдар да бар. Жеңімпаздарға грамоталар мен мүсіншелер табысталады. Былтыр қаржылай сыйлық берген болатынбыз. Биыл оған демеуші болмады», - дейді «Современник халықтық жастар театрының өкілі Бауыржан Тоғызбаев.

Фестиваль екі күнге жалғаспақ. 15-16 тамыз күндері NomadCityHall ғимаратында бес ұжым көрермен назарына түрлі жанрдағы бірнеше қойылым ұсынады.

Соңғы жаңалықтар