Елордада әуе шарын жел ұшырып әкетті

None
Фото: Timur Kozmenk/Pixabay
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 шілде күні «Керуен» ойын-сауық орталығы маңында қатты желдің салдарынан әуе шарын жел алып кетті. Әуе шары шұғыл жиналды», - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиғаға байланысты 112 қызметіне зардап шегушілер туралы ешқандай ақпарат келіп түспеген.

Айта кетсек, қалалық ТЖД 6 шілде күні күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар