Елордада ауаны ластайтын көлік иелеріне айыппұл салынады
2022 жылғы 1 шілде 11:05

Елордада ауаны ластайтын көлік иелеріне айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көліктерден шығатын түтінге талдау жасалатын болады. Газ шығарындысындағы зиянды қалдықтар нормадан жоғары көлік иелеріне әуелі ескерту жасалады. Кейін оны нормаға сай деңгейге келтірмесе және тағы да тексеру кезінде қолға түссе, айыппұл салынбақ, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордада «Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы көлік және өзге де жылжымалы құралдардың экологиялық мониторингі» жобасы таныстырылды. Оны жүзеге асырумен Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы және «Экосервис-С» ЖШС айналысады.

«Табиғатты қорғау шарасы аясында автокөлік құралдарының ауаның ластауын мониторингілеу бойынша жобаны іске қосамыз. Зертханалар көліктен шығатын газдарды зерттейтін болады, бірақ біз осы іс-шараларды осы жылы ілкі жоба ретінде іске асырамыз. Ол бізде профилактикалық әрекет ретінде болады. Тексерілетін және мониторинг жүргізілетін машиналар үшін алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, оларға қатысты алдын алу шаралары қолданылатын болады. Кейіннен процесс жақсарған кезде, егер бұзушылықтар қайта анықталатын болса, онда әкімшілік шаралар қолданылады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін бақылау атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі автокөлік екенін көрсетті, бұл пандемия кезінде дәлелденді.

Жылжымалы экологиялық бекеттер көпкомпонентті газ талдағыштар мен түтін өлшегіштердің көмегімен бензинді және газды қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдердің пайдаланылған газдарын көмірсутегінің, көміртегі тотығының, көміртегі диоксидінің, азот тотығының, оттегінің болуына өлшейді.

«Бірінші кезеңде екі жылжымалы зертхана өлшеу жүргізетін болады. Бұл зертханалар сертификатталған. Барлық құрылғылар мемлекеттік тізілімге енгізілген»,-деп түсіндірді «Экосервис-С» ЖШС директоры Ғалым Беркінбаев.

Жобаны сапалы іске асыру мақсатында бұдан бұрын Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті және «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС арасында үшжақты меморандум жасалды.



Фото: gov.kz

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғыры табылмады
2022 жылғы 10 тамыз 14:30

Атырауда ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғыры табылмады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау экологтары ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғырын таппады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары 9 тамызда Атырау қаласы аумағында түтіннің жағымсыз иісіне байланысты бірнеше нүктеден ауадан сынама алуға шешім қабылдаған.

Пропарка (АМӨЗ), Химиктер кенті (АМӨЗ), №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы), №109 «Восток» (Махамбет көшесіндегі Құрманғазы алаңы) ауа сапасын бақылау станциялары маңында, «Тухлая балка» булану алаңы мен Дамбы ауылында атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары жүргізілді.

«Ауадан алынған сынаманы талдаудың нәтижесінде Пропарка (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі 0,00141 мг/м3, Химиктер кентіндегі (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі 0,00144 мг/м3, №109 «Восток» (Махамбет көшесіндегі Құрманғазы алаңы) станциясында күкіртсутегі 0.00112 мг/м3, №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы) станциясында күкіртсутегі 0.00105 мг/м3, «Тухлая балка» булану алаңында күкіртсутегі 0,00117 мг/м3, Дамбы ауылында күкіртсутегі 0,00012 мг/м3 көрсетті. Осы деректерден атмосферлық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталмады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шаңнан тұман қалыптастып, экологтар ауадан сынама алғанын, кейін шаңды тұманға байланысты мұнай зауыты апаттық жағдай болмағанын мәлімдеген еді.


Атыраудағы шаңды тұман: Мұнай зауыты апаттық жағдай болмағанын мәлімдеді
2022 жылғы 10 тамыз 00:41

Атыраудағы шаңды тұман: Мұнай зауыты апаттық жағдай болмағанын мәлімдеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында апаттық жағдай тіркелмеген. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 тамыз күні Facebook-те: «Үйіңізге қоңырау шалып, барлық терезені жаптырыңыз, бүкіл отбасы мүшесіне үйде болуға кеңес беріңіз. Дәл қазір Атырау МӨЗ-інде газ бұлты шығып жатыр. Жел көтеріліп, оны тарқатып жібереді деп үміттенейік! Егер сізде бас ауруы, көздің, терінің қышуы, тыныс алудың қиындауы сияқты белгілер болса, хабарлаңыз. Үйге немесе Clinique барыңыз. Жақын арада басшылықтан нұсқау аламыз» деген хабар тарады.

Осыған байланысты «АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі зауыттың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті.

«Зауытта ешқандай авариялық жағдайлар, атмосфераға шығарындылар тіркелмегенін хабарлаймыз. Бүгінгі желдің бағыты – солтүстік-шығыстан. Жел Атырау қаласынан соғады. Бұл қаладағы ауа жағдайына әсер ете алмайды. Демек, 9 тамызда Атырау қаласында түтіннің пайда болуына АМӨЗ-дегі өндірістік процесс себеп бола алмайды», -деп мәлімет таратты зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда шаңнан тұман қалыптастып, экологтар ауадан сынама алғанын жазған болатынбыз.

«Бүгін Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болды. Осыған байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сынама жұмыстары Пропарка, Химиктер кенті, қаланың оң жақ бөлігіндегі кәріздік тазарту қондырғысынан алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Ғарыш мониторингі арқылы Ақтауда 7 заңсыз қоқыс полигоны анықталды
2022 жылғы 10 тамыз 00:27

Ғарыш мониторингі арқылы Ақтауда 7 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы жүргізген мониторинг нәтижесінде Ақтау аумағында заңсыз 7 қоқыс орны анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталған 5 үйінді шаһардың 23-шағынауданында болса, 2 орын 20- шағынаудан территориясында орналасқан.

Әкімдік дерегінше, бүгінгі таңда коммуналдық мекеме қызметкерлері 6 орыннан заңсыз төгілген 1200 тонна қоқыс шығарған. Ал жыл басынан бері белгіленбеген жерлерге қалдық төккен 13 адамға айыппұл салынған.

Қоса кетсек, бұған дейін Нұрлан Ноғаев қоқыс шығару жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау әкіміне сөгіс жариялағанын жазып едік.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT