Елордада ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемі 40 мың тоннаға азаяды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда толық газдандырылғаннан кейін ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемі 40 мың тоннаға азаяды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Байқоңыр мен Есіл аудандарына газ жеткізетін диаметрі үлкен құбырларды төсеу жұмысын бастады. Осы жылы Пригородный, Family Village, Garden Village, Ильинка, Өндіріс тұрғын үй алаптарына үлкен құбырлар тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы жылдың соңына дейін негізгі жұмыс аяталады деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы аталған тұрғын үй алаптарында әр үйге газ тарату желілерін салу жобасы қолға алынады. Барлық жобаны 2024 жылдың соңына, 2025 жылдың басында аяқтау жоспарланған. Жобаны аяқтағаннан кейін елордадағы барлық тұрғын үй алабы газға қосылады. Яғни, 300 мың адам газға қосылу мүмкіндігіне ие болады. Елорда толық газдандырылғаннан кейін ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемі 40 мың тоннаға азаяды», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар