Елордада аты аңызға айналған «Қара майор» туралы фильм көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы ҚР Қарулы күштерінің әскери тарихи музейінде ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері Борис Керімбаев туралы түсірілген деректі фильмнің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «Халықтың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Біздің даңқты батырларымыз тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша еліктегі лайық тұлғалар», деп атап өтті. Қазақстандық кинематографистердің полковник Борис Төкенұлы Керімбаевқа арналған бүгінгі жобасы осы бағытта жаңалық болуы тиіс», - деді фильм көрсетілімі алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

null

Сонымен қатар, ол деректі фильмді түсіруге атсалысқан режиссерлерге, сценарийшілерге, продюсерлерге ризашылығын білдіріп, Борис Төкенұлы жайлы тың мәліметтер берген оның туған-туыстарына, жора-жолдастарына рахмет айтты.

null null null null null null null null null null

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері тамашалады.

Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақ командирі Борис Керімбаевтың тағдыры жайында сыр шертетін фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» кино студиясы түсірген. Сценарий авторлары мен режиссерлері: Әсет Ерназаров пен Ғазиз Назаров.

Соңғы жаңалықтар