Елордада «Асыл ана» көпбалалы аналардың байқауы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаладағы көпбалалы аналар арасында қолөнер шеберлігінен байқау ұйымдастырылып, кейін ол көрмеге қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін көпбалалы аналарға арналған тегін қолданбалы өнер мен қолөнер шеберлігін оқыту семинарының қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатыстым. Оқыту семинарлары мен шеберлік оқуларынан сәтті өткен аналарға арнайы 50 тігін машинасы сыйға тартылды.null

Семинарды танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзада бастаған кәсіби мамандар жүргізді. Жалпы, «Асыл ана» жобасы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның әрқайсысы аналардың әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған», - деп жазды қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов Facebook-тегі парақшасында.null null

Оның айтуынша, семинар кезінде көпбалалы аналар арнайы тапсырмаларды орындап, бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан.

«6 шілде - қала күні мерекесі қарсаңында «Асыл ана» байқауы өтеді. Оған шеберлік сабағынан өткен көпбалалы аналар қатысады. Олар қажетті материалдармен, тігін машиналарымен қамтамасыз етілетін болады. Байқауға аналар өз қолдарымен жасалған бұйымдарын ұсынады. Бұл бұйымдардың барлығы арнайы үлкен көрмеге қойылмақ.

Жеңімпаздар дипломдармен және жобаны қолдаған меценаттар, демеушілер тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады», - деді ол.

Сондай-ақ, қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, жобаның соңғы кезеңінде «Асыл ана» көпбалалы аналарды қолдау орталығын құру жоспарланып отыр. Онда аналарға құқықтық, психологиялық, кәсіби кеңестер беріледі. Орталықтың тағы бір ерекше қызметі - аналарға жұмысқа тұруға көмектеседі.

Одан бөлек, аналардың бала күтуіне ыңғайлы болуы үшін шағын балабақша ұйымдастырылатын болады.null null null

Соңғы жаңалықтар