Елордада «Astana digital forum» жұмысын бастады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Astana digital forum» жұмысын бастады. Шараның ашылу шарасына ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қатысып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шара бағдарламасынан бұл саланың беделді сарапшыларының аты-жөндерін көру - қуантарлық жайт. Сөз сөйлеушілердің тақырыптарына қарағанда, бүгін медиа-секторды дамыту келешегі жайлы көптеген жаңа дүниелерді білетін боламыз. Бізде мазмұнды әңгімелесу, сондай-ақ форумның - экономиканы цифрландыруды дамыту және масс-медианы диджитализациялау тақырыптарын белсенді талқылау болады деп ойлаймын», - деп атап өтті вице-министр.

Оның пайымынша, бұл салада бұқаралық ақпарат құралдарының диджитализациялануы, ақпараттық өнім жасауда жаңа әдістерді қалыптастыру жаһандық трендке айналып отыр. Бұл ретте, аудиторияның да талаптарына сай болу қажет.

«Меніңше, қазіргі заманғы масс-медиа дәстүрлі және жаңа БАҚ-ты біріктіруі тиіс. Яғни расталған ақпаратты жедел жеткізулері керек. Бұған қоса, коммуникация үшін өзіндік платформа бола отырып, аудиториямен кері байланыс орнату да маңызды. Форум қатысушылары бұл тақырыпты да назардан тыс қалдырмайды деп ойлаймын. Бүгінде нарықтың белсенді қатысушылары жаңа диджитал-трендтерді өте жақсы сезінеді. Оларды қалыптастыруға қатысып, біздің реалийге бейімдейді. Біз өз тарапымыздан бұл процеске қолдау білдіріп, қажеттілігіне қарай көмек көрсете аламыз», - деді Нұргүл Мауберлинова.
null 

Айта кетейік, «Astana digital forum» 26 қыркүйек күні басталған «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы аясында өтуде. Форум барысында digital-мамандар, бренд-менеджерлер, онлайн-кәсіпкерлер,  БАҚ өкілдері және мемлекеттік орган қызметшілері  цифрлық медиа-дәуірдің жаңалықтарымен бөлісіп, келелі мәселелерді талқылайды деп күтілуде. 

 null null null null 

Соңғы жаңалықтар