+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елордада әскерге баратын жастардың денсаулығы жақсарып келеді

2019 жылғы 18 қазан 21:01
Бөлісіңіз:
Елордада әскерге баратын жастардың денсаулығы жақсарып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадан ҚР Қарулы күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері қатарына бір топ жас аттанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери қызметшілер арнайы дайындықтан өтіп жатыр Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды Қазақстан мен Түркия әскери даярлықтың тәртібін айқындады

Жалпы, биыл күзгі шақырылым бойынша әр өңірге елордадан 800 жас борышын өтеуге барады. Оның 300-і Қарулы күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет етпек.

Дәрігерлік комиссияның мәліметінше, әскер жасындағы азаматтардың денсаулығы бұрынғыдан жақсарған.

«Бір қуантатыны, жастардың денсаулықтарының жалпы жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Емделуді қажет ететін жастар да бар. Оларға шақыруды кейінге қалдыртып, тізімдерін емдеу мекемелеріне тапсырып, жоспарлы түрде қадағалап отырмыз. Денсаулықтары түзелгеннен кейін әскери қызметке аттандырамыз», - дейді Қалалық әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының төрағасы Омаров Болат Мұрәділұлы.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті қазір әкімдікпен бірлесіп, жұмыссыз жастарды әскерге тартумен белсенді айналысып жатыр. Департамент берген мәліметке сәйкес, 2019 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында әскерге аттандырылған 826 азаматтың 514-і, яғни 62,2%-ының тұрақты жұмысы жоқ.

«Жұмыссыз жастар әскери мамандық алу үшін оқу-жаттығу бөлімдеріне жіберіледі. Бұл оларға болашақта әскери қызметті келісімшарт бойынша жалғастыруға ұтымды мүмкіндік сыйлайды. Ал келісімшартпен қызметте қалғандарға баспаналы болуға, пайыздық мөлшері аз ипотека рәсімдеуге, жанұясына тегін медициналық қызметтер алуға мүмкіндіктер беріледі», - дейді департамент өкілдері.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина, Әскер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT