Елордада «Әсем» СО алдындағы көшеде көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ы. Дүкенұлы көшесінде инженерлік жұмыстар жүргізілуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

14 наурызда, сағат 23.00-ден бастап Ы. Дүкенұлы көшесінде инженерлік жұмыстар жүргізілуге байланысты Ш. Уәлиханов көшесінен Ш. Айманов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

№ 14, 48 автобус бағдарларының қозғалысы Ы.Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі. (Ы.Дүкенұлы көшесінде орналасқан аялдама («Әсем» СО алды) уақытша Бөгенбай батыр даңғылы («Әлем», «Шапағат» СҮ) ауыстырылады).

№ 52 автобус бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарай солға Бөгенбай батыр даңғылына, оңға Ш.Айманов көшесіне әрі оңға Ы.Дүкенұлы көшесіне, солға Ш.Уәлиханов көшесіне әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүргізіледі.

Айта кетерлігі, көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер алдын ала бағыттарын жоспарлап алуы керек. 

Соңғы жаңалықтар