Елордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған адам ұсталды
2023 жылғы 16 наурыз, 20:32

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cайтына сілтеме жасап.
«Күдікті тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, зат салмағы шамамен 1 кг 200 гр мефедрон болып шықты. ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және ол қамауға алынды»,- делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP