+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Елордада арнайы жиынға қатысушылар марапатталды

2020 жылғы 7 мамыр 16:38
Бөлісіңіз:
Елордада арнайы жиынға қатысушылар марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отан қорғаушы күні елордада арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысқан аумақтық қорғаныс бригадасының ерекше көзге түскен әскери қызметшілеріне кезекті әскери атақтар беріліп, лайықты марапаттар табыс етілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Арнайы жиындарға қатысушыларды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Астана қаласының əкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

«Сіздер өз азаматтық парыздарыңызды орындауға, ел азаматтарының тыныштығы мен денсаулығын қорғауға үлес қосып жатырсыздар. Осылайша Мемлекет басшысы-Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді орындауға ынта білдірдіңіздер. Бүгінгі күні бүкіл қоғамға ортақ мақсат үшін топтасу қажет. Ел басшылығы сіздерге үлкен үміт артады. Олар жоғары төзімділікті, шыдамдылық пен қырағылықты талап етеді», – деді министр.

Ол аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге және қауіпті вирустармен күресу ісіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

«Арнайы жиындар сіздер үшін маңызды емтихан болды. Оған қоса сіздер моральдық және психологиялық кемелдікті, сарқылмайтын ерік-жігерді көрсеттіңіздер. Сіздердің жауынгерлік шеберліктеріңіз бен үйлесімділіктеріңіз Қарулы күштердің аумақтық әскерлері ең үздіктермен жасақталғанын тағы да растады, өйткені көптеген еріктілер жиынға келуге ниет білдірді. Ең алдымен, бұрын қызмет атқарған және оның ерекшеліктерін білетіндер іріктеліп алынды», – деді Қорғаныс министрі.

Министр жиынға қатысушыларға қызметі үшін алғысын білдіріп, денсаулық, отбасыларына амандық және ел игілігі үшін қызмет етуде табыс тіледі.

Аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің ерекше көзге түскен әскери қызметшілерін көтермелеу мақсатында Қорғаныс министрлігі «Арнайы жиындарда әскери борышын үлгілі орындағаны үшін» арнайы естелік белгісін қосымша дайындау үстінде. Сонымен қатар, марапаттауды жергілікті әскери басқару органдары арқылы өткізу жоспарланып отыр.

Елордада арнайы жиындарға 150 әскери қызметші шақырылды. Армияға қолғабыс етуге ниет білдіргендер саны едəуір көп болды. Ниет білдіргендердің ішінен әскери қызмет тәжірибесі бар үздіктер іріктеліп алынды. Астаналық аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері төрт апта бойы қаланы дезинфекциялау, тосқауылдарды патрульдеу және қызмет атқару, қалалық жедел штаб жұмысы бойынша міндеттерді орындады.

Бүкіл ел аумағында Президент Жарлығымен жарияланған арнайы жиындарға әскери міндеттілерді шақыру аумақтық әскерлер арқылы вирустармен күресуге әскерге тартуға мүмкіндік берді, сол арқылы елдің қорғаныс қабілетін қолдауды қамтамасыз етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT