+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жолдары талқыланды

2020 жылғы 28 ақпан 23:00
Бөлісіңіз:
Елордада Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жолдары талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Арменияда тіркелген көліктердің қазақстандық иелерінің мүддесін қорғайтын бастамашыл топ өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап қалды Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болды Тұрғын үй құрылысы саласындағы материалдардың үлесі 90%-ға жеткізіледі - министрлік

Кездесу барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Ержанов пен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Қожаев Армения Республикасынан әкелінген көліктердің Қазақстан аумағында еркін жүруі үшін сақталуы тиіс ұлттық және еуразиялық заңнама нормаларын бастамашыл топ өкілдеріне жан-жақты түсіндіріп берді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің түсіндіруінше, Арменияға жеңілдетілген баж салығымен әкелінген көліктер сол елдің аумағында ғана жүруі тиіс. Бұл Арменияның Еуразиялық одаққа кіруі барысындағы негізгі шарттардың бірі болған. Сондай-ақ ол Қазақстан азаматтарының армян билігінің салғырттығы салдарынан автомобильдерді Арменияда тұратын азамат ретінде тіркегендіктерін атап өтті. Бұл ЕАЭО заңнамасын бұзу болып саналады.

Ал бастамашыл топ өкілдері өздері алып келген көліктерді техникалық регламентке сәйкестігіне қарамастан Қазақстанда тіркеу үшін қажетті төлемдерден босату арқылы заңдастыруды ұсынды. Сонымен қатар олар 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, Армениядан жеке тұлғалардың автомобиль әкелуіне тыйым салуды немесе мұндай көлік құралдарына кемінде 3 млн теңге сақтандыру енгізуді ұсынып отыр.

Өз кезегінде өкілетті органдардың өкілдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес автомобильдерді тіркеуге кеңес берді.

Кездесу соңында бұл мәселені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алаңында талқылауды жалғастыру ұсынылды. Сонымен қатар автомобиль иелеріне заңсыз шеру өткізу арқылы Қазақстан заңнамасын бұзбауға кеңес берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT