+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елордада Армения көліктерінің нөмірін ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды

2020 жылғы 7 сәуір 20:50
Бөлісіңіз:
Елордада Армения көліктерінің нөмірін ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктердің нөмірін ұрлап, иелерінен ақша талап еткен елорданың екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің «Сарыарқа» аудандық басқармасының қызметкерлері 24 жастағы екі азаматты ұстады. Оның бірі бұрын алаяқтығы үшін сотты болған. Олар автокөліктердің шетелдік мемлекеттік нөмірлерін ұрлап кетіп (алдын ала мәлімет бойынша, Қырғыз Республикасы мен Армения елдерінің автокөліктерінен) көлікке хат қыстырып, нөмір үшін қанша ақша төлеуі тиіс екенін жазып отырған. Орташа есеппен ұрылар әр нөмір үшін 50 мың теңге алған», - деді Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта ұсталған екі жас жігіттің осыған ұқсас бес қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT