Елордада Арай көшесі жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Арай көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, автокөлік жолдарын орташа жөндеу барысында Арай көшесі бойынша Жауқазын көшесінен Космонавтов көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. 

Осыған байланысты, мамыр айының 18-нен бастап 25-не дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толық шектелетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар