+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Елордада апта ішінде өтетін мәдени және спорттық шаралар

2019 жылғы 15 сәуір 16:01
Бөлісіңіз:
Елордада апта ішінде өтетін мәдени және спорттық шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап 15-21 сәуір аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы: 15-21 сәуір «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі, «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі, Мараш Кениеваның «Өмірім - менің өнерім» атты көрмесі, Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі, «Ұлы дала мұрасы» атты қолданбалы өнер көрмесі, Жүнісов Руслан және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі, сондай-ақ 8-14 сәуір аралығында «Іздер» көрмесі өтеді.

«Жастар» сарайы: 15-21 сәуір күні Бал көрмесі, 18 сәуірде «Джаз Бэнд» концерттік бағдарламасы, 20-21 сәуірде «Грация» атты IV халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестивалі. 20-21 сәуірде Мысықтар көрмесі.

Бейбітшілік және келісім сарайы: 19-21 сәуір күні Жайдарманның 1/4 ойындары өтеді.

«Астана-Арена» стадионы: 15 сәуір күні футболдан Бірінші лига командалары арасында ҚР чемпионаты аясында «Астана М» - «Актобе-Жас» командалары ойнайды.

Қуыршақ театры: 20-21 сәуір Г.Х. Андерсеннің «Қайта оралған су перісі» ертегісі қойылады.

«Астана Опера» МОБТ: 17 сәуірде «Моцарттан бүгінгі күнге дейін» концерті, 19-20 сәуірде Д.Пуччинидің «Парижская Богема» операсы, 21 сәуірде «La regata Veneziana»(«Венециялық регата») концерті ұсынылады.

«Астана» концерт залы: 15 сәуірде «Классикалық және эстрадалық вокал» бөлімі, «Шалқыма» халық би ансамблі, Эстрада би ансамблінің «Екі ғашық» атты концерті өтеді. 16 сәуір күні Саида Қалықованың шығармашылығына арналған «Ырыс күнім» атты жеке концерті ұсынылады. 17 сәуірде Симфониялық оркестрдің жеке орындаушыларының концерті өтеді. Дирижер - Ернар Нұртазин. 19 сәуір күні Халық әндері орындаушыларының және «Сырлы-Әлшекей» қазақ оркестрінің концерті болады. 20 сәуірде «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, халық әні бөлімінің жеке орындаушыларының «Шабытым Сарыарқа» концерті өтеді.

«Қазақстан» ОКЗ: 18 сәуірде «Шедевры XX века» концертін, 20 сәуірде Әсел Әбілсейітованың «Классика в сердце!» концертін тамашалауға болады.

Астана Конгресс-орталығында 20 сәуір күні «Gruppa Skryptonite» концерті өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT