Елордада апта ішінде қандай мәдени-спорттық шаралар өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып, осы аптада өтетін мәдени және спорттық шаралар жоспарын ұсынады.

«Жастар» сарайы

27 мамырда сағат 19:00-де «Радуга» қазіргі және эстрадалық би студиясының және «Время» би театрының «Радуга времени!» атты есептік концерті өтеді.

1 маусымда сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы үшін «Барлық балалар ән айтады!» шарасы ұйымдастырылады.

2 маусымда сағат 12:00-де қала әкімінің кубогына «Барлығы ән айтады!» чемпионатының бірінші іріктеу туры өтеді.


«Астана Опера» М
емлекеттік опера және балет театры

28 мамырда сағат 19:00-де «Melodía de la pasión» («Құштарлық әуені») концертін тамашалауға болады.


«Астана» концерт залы

27 мамырда сағат 19:00-де халық әртісі, мәдениет қайраткері, әнші, композитор Ғ. Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған концертті көруге болады.

31 мамырда сағат 19:00-де Қазақ оркестрінің «Алжир аналарға тағзым» атты музыкалық театрландырылған қойылымы ұсынылады.

1 маусымда сағат 17:00-де Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілегі» мерекелік концерті өтеді.

2 маусымда сағат 19:00-де Симфониялық оркестрдің «Лучшая музыка Disney и DreamWorks» балаларға арналған концерті басталады.


Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

30 мамырда сағат 10:00-де Т. Теменовтің «Ырылдақ қүшік» ертегісі қойылады.

«Жастар» театры

28 мамырда сағат 19:00-де Е. Уахитовтің «Құдалар» комедиясын тамашалауға болады.

Бейбітшілік және келісім сарайы

31 мамырда сағат 18:30-да және 1, 2 маусымда сағат 17:00-де «Жас қанат» республикалық телефестивалі өтеді.

«Хан Шатыр» СОСО

30 мамыр мен 2 маусым аралығында сағат 10:00-22:00-де - «Nur-Sultan Ethno Fest» Әлем халықтарының этномәдени фестивалі өтеді.

31 мамыр мен 2 маусым аралығында сағат 10:00-де жамбы атудан «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты өткізіледі.

«Астана Арена» стадионы

31 мамырда сағат 14:00-де Бірінші лига командалары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігі аясында «Астана М» - «Алтай» командаларының ойыны өтеді.

31 мамырда сағат 19:00-де - Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты аясындағы «Астана» ФК - «Жетісу» ФК ойынын тамашалауға болады.

«АЛЖИР» мемориалдық кешенінің аумағы

31 мамырда сағат 10:00-де саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған мемориалға гүл қою рәсімі өтеді.

«1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументі (Абай даңғылы мен Республика даңғылының қиылысы)

31 мамырда сағат 15:00-де «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл қою рәсімі өтеді.


Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион

1 маусымда сағат 9:00-де Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикадан Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты басталады.

1 маусымда сағат 11:00-де - Балаларды қорғау күніне арналған мектепке дейінгі балалар арасында веломарафон өтеді.

«Қазақ елі» алаңы

1 маусымда сағат 10:00-де балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізіледі.

«Астаналық» саябағы

1 маусымда сағат 10:30-да гір көтеруден Нұр-Сұлтан қаласының Чемпионаты ұйымдастырылады.

2 маусымда сағат 8:00-де «Run 24-1» жүгіріс сайысын тамашалауға болады.

«Алатау» СК

1, 2 маусымда сағат 11:00-де пауэрлифтингтен ерлер және әйелдер арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар