Елордада апаттық жағдайдағы үйдің иесіне қандай пәтер берілуі керек
2021 жылғы 1 сәуір 12:04

Елордада апаттық жағдайдағы үйдің иесіне қандай пәтер берілуі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ескірген немесе апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына бұрынғы баспанасының көлеміне сәйкес пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары редакция жолдаған сауалға осылай деп жауап берді.

«Жобаның шарттарына сәйкес, апатты үйлердің меншік иелеріне бұзылатын тұрғын үйдің бөлмелерінің санына және отбасы мүшелерінің санына (бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес) байланыстырмай, бұзылатын апаттық тұрғын үйдің орнына ауданы бойынша тең мөлшердегі жаңа пәтерлер беріледі», - делінген жауапта.

Басқарма мамандары сүрілген нысан тұрғын үй болмаса оның шығыны ақшалай да қайтарылуы мүмкін ескертеді.

«Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне меншік иесінің қалауы бойынша мүліктің нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы немесе ауданы бойынша көлемі бірдей тұрғын емес үй-жайлар беріледі», - дейді әкімдік өкілдері.


Jańalyqtar

MURAǴAT