Елордада «Antikor ortalygy» ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сервистік «Antikor ortalygy» және әкімшілік ғимараты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып толығымен «Open space» форматына көшкен орган. Ең маңыздысы, департаменттің жеке құрамы (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен жедел-тергеу құрамы) толықтай әйнек кабинеттерге көшкен», делінген хабарламада.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов сондай-ақ, еліміздегі бірқатар дипломатиялық миссия өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы консультациялы-кеңес беру бөлмелері, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетілді.

«Antikor ortalygy» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталығына айналмақ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 5 сервис орталығы ашылды, олар ашықтық пен сервистің ведомстволық саясатын көрсетеді», – деді Алик Шпекбаев.

Жергілікті Антикор қызметінің тағы бір ерекшелігі – жаңа форматтағы жауап алуға арналған бөлме.

Бөлме алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып жабдықталған (Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының жауап алуға арналған үй-жай үлгісі бойынша).

Соңғы жаңалықтар