Елордада «Алтын сақа» ұлттық асық ату ойыны бойынша ІІ Ашық қалалық турнир басталды

None
None
СТАНА. Шілденің 5-сі. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Дәулет» спорткомбинатында «Алтын сақа» ұлттық асық ату ойыны бойынша ІІ Ашық қалалық турнир басталды.

Асық ату - қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға жалғасқан, барлық балалардың сүйікті ойыны. Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған турнирдің алғашқы жылында елорда мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысқан болатын.

Ойынның шарты мынадай: Адам санына қарай ойыншылар жерге сызық сызады да, оған асық тігеді. Асықтың «шік», «бүк», «алшы», «таған», сынды 4 бұрышы бар. Асығынды «тағанынан» немесе «алшысынан» түсіруге міндетті түрде тырысу керексің. Бастысы ережені білуің керек. Егер ойыншы дұрыс тікпесе, кез-келген басқа ойыншы «қамсер» деп асықты алып қоя алады. Асықты қадам өлшеп барып атады. Атқанда тигізіп, әрі тигізгеніңді ұшырып шығаруың керек. Турнирді өткізу аясында қатысушылар мен көрермендер арасында асық ату ойыны бойынша әдістеме құралы таратылады.

Астана тұрғындары мен қала қонақтары Қазақстанның спорттық жылнамасында екінші рет өткізіліп жатқан осы нағыз халықтық ойынды өз көзімен көре алады.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, күні бойы жалғасатын турнирдің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар