Елордада Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде 48-ден астам түрлі өнім ұсынылады (ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сонымен қатар қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар).

Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан асады. Оның ішінде көкөніс өнімдері - 112,9 тонна, ет - 80,2 тонна, сүт - 21,9 тонна, жеміс-жидектер - 43,4 тонна, картоп - 49,3 тонна, балық өнімдері - 16,8 тонна, бал - 0,5 тонна. Дәстүр бойынша «Қазақстан» спорт кешені аумағында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымының концерті қойылады.

Соңғы жаңалықтар